Өскемен
ясно
-9°
  • Өскемен
    -9°
  • Алматы
    -4°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    -10°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -5°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -2°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    +3°
$
524.02
+1.39
545.19
-3.47
¥
71.82
+0.08
5.09
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

Ұлан ауданындағы Асубұлақтың аюлары ауылға келіп жүр

Ұлан ауданындағы Асубұлақ кенттік әкімдігіне қарасты Ақтау кентіне аюлар күз бойы келгіштеп жүрген көрінеді. Ауыл тұрғындары осы мәселені жоғарғы жаққа жеткізуге бір емес, екі мәрте талпынып көрсе де, облыс әкімдігі өтініш-арызын ескерусіз қалдырған

- Менің ата-енем Асубұлақ ауылдық округінің Белогорский елді мекенінде тұрады, - дейді Айсұлу Манатқызы. - Ауыл аса үлкен де емес, көбі қалаға көшіп кеткен. Ол жерде отырғандар негізінен мал асырап күн көріп отыр. Былтыр олардың 2 сиырын, биыл көршісінің 1 жылқысын және малмен ғана күн көріп отырған бір ауыл тұрғынының өгізін аю жеп кетті. Жалпы, жылы күз басталғалы аюлар өте көп төбе көрсететін болды. Орманды жер болғаннан кейін сілеусін, қасқыр, қабан, түлкі - барлық аңдар кездеседі. Алайда аюлар адамнан еш қорықпастан ауылға дейін кіретін болды.
Осы мәселе жөнінде Ұлан ауданы әкімдігімен байланысқанымызда олар "округ басшысы мен орман шаруашылығының директорына хабарлас" деп жөн сілтеді. Орман шаруашылығы басшысы болса, аю ату үшін лицензиялары жоқ екенін, ауыл маңына қақпан құрып, жағдайды назарда ұстап отырғандықтарын айтты. 

- Бірақ қазір қылышын сүйреп қыс та келіп қалды, аюлар ендігі жылы апандарына кіріп, қысқы ұйқыға кеткен болуы да мүмкін, - дейді Айсұлу Нарыкова. - Бірақ бұл көктем шыға қайталанбасына кім кепіл? Азық іздеген аюлар ауылға қайта келетіні күмәнсіз.

Аю - байлап қоятын ит емес


Мән-жайды зерттеп, анық-қанығын білмек болып Асубұлақ ауылдық округінің басшысына қоңырау шалғанымызда, ол аталмыш жайттан құлағдар екенін, бірақ ресми түрде ешқандай оқиғаның тіркелмегенін тілге тиек етті.
- Мен бала кезден Белогорский мен өз ауылымның екі ортасында өскен адаммын. Ақтау - орманды жер, тиісінше аң-құсы да көп. Қолымызда аң атуға арналған рұқсат жоқ, сол себепті бей-берекет оқ шығындай алмаймыз. Белогорский кентінде жалпы 58 аула бар, онда 152 адам тұрады. Халық саны аз болғандықтан мектеп те әлдеқашан жабылған, - дейді Асубұлақ ауылдық округінің әкімі Нұрлан Дюсембаев.
Іле-шала орман шаруашылығының басшысы Қайрат Майданбекұлына хабарластық.
- Енді аю деген байлап қоятын ит емес қой. Ол жабайы жыртқыш. Тіпті ауыл кісілеріне қақпан құрғаннан ешқандай пайда жоқ екенін де үнемі түсіндіремін. Аю - өте ақылды, сезгіш жануар. Адам аяғы басқан жерді 1 шақырымнан біліп қояды. Қақпан құрған жерге барады дейсіз бе?! Оны үркітіп, қорқытып қашырмаса, басқа амал жоқ. Былтырғы 2 сиыр түк емес, биыл 7 сиырды жеп кетті, - дейді ол.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында орыс тілді әріптестеріміз газетке Алтай ауданында да орман қожайынының мүйізді ірі қараға маза бермей жатқанын жазған еді. Сол кезде Жаңа Бұқтырма мен Октябрский ауылдарынан жиырма шақты сиыр, құнан-тай және ересек бұзаулар майтабанның азығына айналған. Алтай 
ауданы орман шаруашы-лығының басшысы Роман Филипповтың айтуынша, бұрын аймақтық инспектор шектеулі көлемде қасқырлар мен аюларды атуға рұқсат беретін. Қазір ол заң күшін жойған. Аң ату маусымында ғана арнайы жолдама арқылы барып аңшылық құруға болады. Демек Асубұлақ жұртшылығының аюдың қысқы ұйқыға кеткенін күтуден басқа амалдары жоқ тәрізді.

Тұзды су ішіп отырған ауылда ұялы байланыс атымен жоқ


- Тек азын-аулақ төрт түлік мал ұстап жан бағып отырған Ақтау кентінде ғаламтор желісі түгілі қарапайым ұялы байланысы жоқ. Ішетін сулары - тұзды су. Жолды жамап-жасқап өтірік жөндеп қояды, - деді Айсұлу ханым Белогорский тұрғындары үшін алаңдаушылық білдіріп.
Бірақ округ әкімі осы күзде ғана бұрғылау жұмыстарын жүргізіп, ауылға су тартқанын алға тартты. Ауызсу мәселесінің шешімін тапқанын айғақтау үшін Ақтау кентінің адамдарымен тілдестік.
- Орталық су жүйесін тартқан. Бірақ ол біз үшін алыс. Өзіміз таза суды бас-таудан алып келеміз. Ал көршіміз үйінде тұзды су ішіп, тұрмысқа да соны пайдаланып отыр, - дейді ауыл тұрғындарының бірі Сара Амантай (аты-жөні өзгертілген). - Аюды бір ай бұрын біз де көрдік. Малдарымыз жақын жерде жайылатындықтан, тоғайға қарақат, жидек теруге барғанда кейде қорбаңбайлар да жүреді. Мысалы, өзіміз қазір жаяу жүруге қорқамыз. Малымызды айдап келу үшін етекке мотоцикл-мен түсеміз. Осы жолы Серік деген бір кісінің ала жаздай бағып, семіртіп, бордақылап, енді қалаға апарып сатып, пұл қыламын деп отырған бес жасар өгізін аю жарып кетті. Обал. Жаз бойғы еңбек. Барлығы төрт түлікпен ғана күн көріп, тіршілік етуде.
Маймақ табанды, кішкене көзді, ақылды жыртқыштың қазір апанына кіргені анық. Енді көп ұзамай алты айлық ұзақ ұйқыға кетеді. Халықтың да қорқынышы басылар. Тек енді қыс бойы қазақ атын атамайтын ит-құс мазалап жүрмесе игі. Ұлан ауданы басшылығы мен облыстық орман шарушылығы және жануарлар дүниесі инспекция-
сы Асубұлақтың аңдары Ақтаудың мал-жанына енді зиян келтірмейтіндей бір шара қолданады деп үміттенеміз.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Ұлан Аю шабуылы