Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

ҚР бұрынғы денсаулық сақтау министрінің адвокаты мәлімдеме жасады

Бұрынғы денсаулық сақтау министрінің адвокаты Дмитрий Куряченко келтірілген күдіктің негізсіз екенін, Елжан Біртановтың ешқандай кінәсі жоқ екенін мәлімдеді

Заң маманы Біртановқа қатысты іс сұрақ-жауап алу деңгейінде, тергеу түрінде жүріп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды nur.kzсайты zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

- Келтірілген күдік негізсіз, - дейді Куряченко. 

Ол белгілі дәрігерлер мен қоғам қайраткерлері араша түсіп, жазған хаттары істе маңызды рөл атқаратынын атап өтті. 

- Заңда жекелеген адамдардың мінездемесі, кепілдік беруі қарастырылған, себебі ол сотта белгілі бір рөл атқарады. Ал азаматтардың жеке пікірін тыңдап, оны ескеруі, заңның осы бір тұсын пайдалану жағы сотқа байланысты, - деп түсіндірді Біртановтың адвокаты.

Ол бұрынғы денсаулық сақтау министрі өзін кейбір азаматтардың қолдап жатқанын білгенін жеткізді. Оларға алғысы шексіз екенін айтты, дейді заң маманы. 

Еске салсақ, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Онда экс-министр интеграциялық платформаны сатып алуға бөлінген 526 млн теңгеден аса бюджет қаржысын жымқырған деген күдікке ілінгені хабарланған. 

Кейін қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министріне қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлім етті. 
Следующая →