Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тоқаев шенеуніктердің жұмысын сынға алды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық инфекцияның таралу жағдайы бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады сенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдердің жұмысын қатаң сынға алды.

- Баяндамаларға қарағанда, жағдай бақылауда. Алайда, бұл іс жүзінде емес. Мен әкімшілігіме дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі бойынша бүкіл ел бойынша бөлшек сауда желісін тексеруді тапсырдым. Нәтижелер мәз емес. Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл және Қарағанды облыстарында, Нұр-Сұлтан мен Алматыда дәрі-дәрмек тапшылығы сақталып отыр, өмірлік маңызды препараттардың бағасын көтеру фактілері анықталуда. Көлеңкелі нарық өркендеп келеді, - деп хаарламада Президенттің сөзі хабарланады.

Құқық қорғау органдары көтерме және бөлшек саудамен айналысатын дәріханаларда рейдтер мен тексерулер жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша дәрі-дәрмектерді заңсыз сатумен айналысатын 270 адам, оның 116-сы-медицина қызметкерлері қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылды, делінген онда..

Тоқаев аталған бағыттағы жұмыс жалғастырылатынын және кінәлілер заңға сәйкес жазаланатынын атап өтті.

Статистика мен талдаудағы қателікке, тиімсіз жоспарлауға байланысты өңірлер қажетті дәрілік заттардың нақты көлемін анықтай алмайды. Барлық проблемалар жұмысты дұрыс жоспарламаудан басталатынын айта келіп, Тоқаев бұл жағдайды - кәсібисіздік деп атады, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Президент сырқаттанушылық деңгейінің артуы коронавирусқа кері әсерін тигізіп қана қоймай, инвестициялық климатқа, Қазақстанның туристік әлеуетіне, елге жаңа технологияларды тартуға да кері әсерін тигізетінін атап өтті. Бұл жағдайды үкімет барлық тәуекелдерді жою үшін өзінің жұмыс жоспарларында ескеруі тиіс, делінген хабарламада.

Тоқаев сондай-ақ, пандемия кезіндегі кез келген қате шешімдер, бюрократиялық кедергілер, жауапкершіліктен бас тарту жүздеген мың адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін екенін атап өтті.
Следующая →