Өскемен
облачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    -6°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +13°
$
522.49
-5.82
601.07
-7.28
¥
73.34
-0.85
6.47
-0.08
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
Zakon.kz

Қазақстанда некені QR-код арқылы тіркейтін қызмет іске қосылмақ

Бұл жұмыс осы айдың аяғына дейін аяқталады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев QR-код арқылы алуға болатын қызметтердің түрін айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

- eGovmobile қосымшасы арқылы көрсетілмейтін қызметтерді QR-код арқылы алу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Айдың аяғына дейін бұл жұмысты аяқтаймыз. QR-код арқылы алуға болатын алғашқы мемлекеттік қызметтер: некені тіркеу, баланың тууын тіркеу, балабақша кезегіне қою, заңды тұлғаны тіркеу, салық есебін қабылдау. Бұл қызметтерді компьютер арқылы алу барысында ЭЦҚ-ға қол қою кезінде QR-кодты сканерлеп, қызметті eGovMobile қосымшасы арқылы алуға сұрау жіберуге болады. Ол үшін компьютеріңізге ЭЦҚ-ны пайдалану үшін қосымша бағдарлама орнатудың қажеті жоқ, - деді министр.

Оның айтуынша, QR-код арқылы алуға болатын қызметтерді осы айда ұсыну үшін техник мамандар жұмыс істеп жатыр.
Следующая →