Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жібермек

Ауғанстан тарапының бастамасы бойынша ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ауғанстан Ислам Республикасы Сыртқы істер министрі Мохаммад Ханиф Атмармен телефон арқылы сөйлесті

Бұл туралы Сыртқы Істер Министрлігінің телеграм арнасы хабарлады, деп жазды kursiv.kz сайты.

Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Ауғанстан ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады.

М. Тілеуберді ауғандық әріптесіне Қазақстан Үкіметі Ауғанстанға азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдағаны туралы хабарлады.

М. Атмар ризашылық білдіре отырып, ауған тарапы Қазақстан Үкіметінің көрсетіп жатқан көмегін жоғары бағалайтынын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстаннан астықты және оның өңделген өнімдерін импорттауға мүдделі екенін хабардар етті.

Ауғанстанның транзиттік-көліктік және энергетикалық салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ ауған азаматтары үшін Қазақстан Республикасының білім беру бағдарламасын жалғастыруға мүдделілігін білдірілді.
Следующая →