Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде 800 тонна ұн жөнелтті

29 сәуір күні Қазақстаннан гуманитарлық көмек ретінде жіберілген 800 тонна ұн Қырғыз Республикасына жеткізілді. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті. Атап өтілгендей, бұл - Қырғыз еліне көрсетілетін гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы

Жүк барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақтала отырып, теміржол арқылы 12 вагонмен жеткізілді.

- Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияға қарсы кезеңде көрші елдерге қолдау көрсету мақсатында Қырғызстан мен Тәжікстанға жалпы сомасы 3 млн АҚШ долларынан астам қаражатқа әр елге 5 мың тонна көлемінде ұн түрінде гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдағанын атап өткен жөн.

Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және мелиорация министрі Эркинбек Чодуевтың айтуынша, қырғыз тарапы Қазақстан Республикасының Үкіметі көрсеткен көмекті жоғары бағалайды және бауырлас қазақ халқына терең ризашылық білдіреді, - делінген СІМ ақпаратында.

Гуманитарлық көмек Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер қорының қоймасына орналастырылды.
Следующая →