Өскемен
малооблачно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +13°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
448.81
+0.25
476.82
-1.21
¥
62
+0.03
4.77
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

АҚШ Қазақстандағы COVID-19 таралу жағдайын жеңілдету үшін қосымша $800 мың бөлді

Америка Құрама Штаты Қазақстандағы COVID-19 таралу жағдайын жеңілдету үшін қосымша $800 мың бөлді, деп хабарлады ҚР-дағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметінен

- Құрама Штаттар үкіметі АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі Агенттігі арқылы (USAID) Қазақстанда COVID-19 індетінің таралуын жеңілдету үшін қосымша Т348 млн ($800 мың) бөлді, - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.

Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозердің айтуынша, Қазақстан вирустың таралуын тоқтату үшін шешуші шараларды қабылдап жатыр.

- COVID-19 індетімен күресте АҚШ Қазақстанды және бүкіл әлем бойынша басқа да серіктестерін қолдайды. Халықаралық қоғамдастық бола тұра, біз бар күшімізді біріктіруіміз керек. Біздің әрқайсысымыз үйде отыру, және үкіметтің барлық талаптарын сақтау арқылы пандемияның тоқтауына өз үлесімізді қоса аламыз, - деді елші.

Сонымен қатар хабарланғандай, Ауруларды қадағалау орталығы және USAID америкалық техникалық мамандары тәжірибе алмасуды жалғастыруда және COVID-19 індетімен күресте қазақстандық сарапшылармен күн сайын тығыз байланыста.

Елшілікте еске салғандай, соңғы 20 жылда Құрама Штаттар Қазақстанға $2 млрд. көлемінде көмек көрсеткен, соның ішінде $86 млн астамы медициналық көмек түрінде берілген.
Следующая →