Қазақстанда алғаш рет әйел адам өңірдің әкімі болып тағайындалды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Гүлшара Әбдіқалықованы Қызылорда облысының әкімі болып тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның өңірін басқарған республикадағы алғашқы әйел болды.
- Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын, - делінген Қазақстан президентінің сайтында жарияланған Жарлық мәтінінде.
Бұрын өңірді басқарған Қуанышбек Ысқақов Президент жарлығымен қызметінен босатылды.
Таяуда қазақстандық БАҚ хабарланғандай, бұрынғы әкім алаяқтық жасады деген күдікпен қолға түсті. Аталған ақпараттың ресми расталуы әзірге болған жоқ.
Жаңадан тағайындалған 54 жастағы Гүлшара Әбдіқалықова бұрын Парламент Мәжілісінің депутаты болған. Әр жылдары республика премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарды, мемлекеттік хатшы болды.