Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Дариға Назарбаева: әйелдердің 44%-ы елдегі жеңіл өнеркәсіпті дамытып отыр

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен парламенттік тыңдау өтті

Жиын барысында Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің қазіргі жағдайы және оны дамыту перспективалары талқыланды, деп жазады egemen.kz.

Іс-шарада осы саланы ілгерілетудің маңызын атап өткен Д.Назарбаева бұл бағытта атқарылар жұмыс өте көп екеніне тоқталды. Сондай-ақ жеңіл өнеркәсіптің ел экономикасын нығайтуға зор үлес қосатынын айтты.

- Жеңіл өнеркәсіп – Қазақстанның өнеркәсібіндегі ең проблемалы сектор деп айтуға болады. Себебі экономикада өңдеуші салаға айрықша басымдық берілгендіктен, бұл бағыт ұзақ уақыт бойы назардан тыс қалып келді. Жеңіл өнеркәсіп экономиканы түрлендіруге, әсіресе пайдалы қазбалар қорының азайып, мұнай бағасының төмендеген кезінде дағдарыс толқынына қарсы тұру мүмкіндігінің бірі, - деді Сенат Төрағасы.

Осы орайда, жеңіл өнеркәсіп саласының әлеуметтік маңызын еске салып, халықтың, соның ішінде әйелдердің жұмыспен қамтылуын жоғары деңгейде қамтамасыз ететінін жеткізді.

Следующая →