Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

ҚР Президенті: әр қазақстандық өз еріктілер жобасын аша алады

Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдегендей, елде жаңа еріктілер мәдениеті қалыптасады

Қазірдің өзінде Жер бетінде 1 млрд адам волонтерлікпен айналысады. 1 млрд адам! Бізде 16 мың, бұл – аз, 100 мыңға жеткізуге болады. Олардың жаһандық дамуға тигізер үлесі зор. ЖІӨ-нің 2,5%-ы еріктілер еңбегінің нәтижесі.

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерларға арналған фронт-офистің ашылу салтанатында айтты, деп жазады baq.kz сайты.

- Бүгін барлығымыз ерекше тарихи оқиғаға байланысты елордада жиналып отырмыз. Бұл үлкен іс-шара. Еліміздің тарихында мұндай іс-шаралар бұрын-соңды болған жоқ. Сондықтан баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Биыл "Волонтер жылында" көптеген ауқымды жоба қолға алынады. Осы арнайы кеңседе көптеген маңызды бастамалар жүзеге асады деп сенемін. Мұндай орталықтар еліміздің барлық өңірінде ашылады. Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – көне заманнан келе жатқан халқымыздың дәстүрі. Сондықтан бұл дәстүрді міндетті түрде сақтап қалуымыз керек. Халқымызды осындай бірлікке шақыратын "асар" дәстүрі бар. Бұл құндылығын жоймаған ата салтымыз. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл", - дейді біздің халқымыз. Волонтерлардың да басты қызметі жұмылып, қызмет ету. Кезінде Қазақстанға көптеген ұлт өкілі жер аударды. Сол қиын-қыстау уақытта халқымыз бауырына басып, бір үзім нанымен бөлісті. Шынайы жанашырлық көрсету қазақ халқына тән қасиет. Мен нағыз волонтер болудың озық үлгісі деп осыны айтар едім. Бүгінде дүниежүзінде бұл үрдіс кең таралып, әлемдік қозғалысқа айналды. Қазірдің өзінде Жер бетінде 1 млрд адам волонтерлікпен айналысады. 1 млрд адам! Бізде 16 мың, бұл аз, 100 мыңға жеткізуге болады. Олардың жаһандық дамуға тигізер үлесі зор. ЖІӨ-нің 2,5%-ы еріктілер еңбегінің нәтижесі, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Следующая →