Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Жалпы өткен бес күн ішінде дәрігерлік көмекке 141 адам жүгінген, оның ішінде 19 полиция қызметкері бар екен.
- Қазір жалпы Жамбыл облысының Қордай ауданында жағдай тұрақты. Барлық құқық қорғау органының көмегімен жергілікті әкімдіктер жұмыс істеп жатыр. Жалпы өткен бес күн ішінде дәрігерлік көмекке 141 адам жүгінді. Оның ішінде 19 полиция қызметкері бар. Өкінішке қарай, он адам қаза болды, - деді Сапарбаев үкімет отырысында.Ол көз жұмғандардың отбасыларына жергілікті демеушілер мен әкімдіктер тарапынан көмек көрсетілгенін атап өтті. Комиссия мүшелері қаза тапқан барлық азаматтың отбасыларына президенттің атынан көңіл айтқан.
- Қазіргі таңда Қордай аудандық ауруханасында 13, Алматы қаласында 25 адам дәрігерлік көмек алып жатыр. Қырғызстанда болған тоғыз адамды Алматы мен Таразға қайтардық, - деді ол.Әкімнің айтуынша, Қордайға Алматыдан он білікті дәрігер шақырылған. Ал премьер-министр Асқар Мамин Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордайдағы оқиға салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияны басқара беретінін мәлімдеді.