Сапарбаев Қордай ауданындағы жағдайды баяндады
Жалпы өткен бес күн ішінде дәрігерлік көмекке 141 адам жүгінген, оның ішінде 19 полиция қызметкері бар екен.
Жамбыл облысының жаңа әкімі Бердібек Сапарбаев Қордайдағы қақтығыс бойынша үкіметте есеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
10 ақпан күні мемлекет басшысының жарлығымен Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. Экс-әкім Асқар Мырзахметов облысты екі жыл басқарды.
Следующая →
- Қазір жалпы Жамбыл облысының Қордай ауданында жағдай тұрақты. Барлық құқық қорғау органының көмегімен жергілікті әкімдіктер жұмыс істеп жатыр. Жалпы өткен бес күн ішінде дәрігерлік көмекке 141 адам жүгінді. Оның ішінде 19 полиция қызметкері бар. Өкінішке қарай, он адам қаза болды, - деді Сапарбаев үкімет отырысында.Ол көз жұмғандардың отбасыларына жергілікті демеушілер мен әкімдіктер тарапынан көмек көрсетілгенін атап өтті. Комиссия мүшелері қаза тапқан барлық азаматтың отбасыларына президенттің атынан көңіл айтқан.
- Қазіргі таңда Қордай аудандық ауруханасында 13, Алматы қаласында 25 адам дәрігерлік көмек алып жатыр. Қырғызстанда болған тоғыз адамды Алматы мен Таразға қайтардық, - деді ол.Әкімнің айтуынша, Қордайға Алматыдан он білікті дәрігер шақырылған. Ал премьер-министр Асқар Мамин Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордайдағы оқиға салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияны басқара беретінін мәлімдеді.
10 ақпан күні мемлекет басшысының жарлығымен Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. Экс-әкім Асқар Мырзахметов облысты екі жыл басқарды.