2020 жылы 1378 қандасымыз елге оралады
2020 жылы қандастарды қабылдауға арналған аймақтық квота 1378 адамға бөлінді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы қаулысымен қандастар (оралмандар) мен қоныс аударушыларды қабылдауға арналған 2020 жылғы аймақтық квоталар белгіленді, деп хабарлайды zakon.kz.
Квота "Көші-қон туралы" заңға сәйкес белгіленеді:
- 2020 жылы қандастарды қабылдауға арналған аймақтық квота 1378 адамға бөлінді;
- 2020 жылға арналған қоныс аударушыларды қабылдаудың аймақтық квотасы 4750 адамды құрайды.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбе бойынша 10 күннен соң қолданысқа енгізіледі.