АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Қазақстанға ресми сапармен келеді
Майк Помпео ҚР-ға бірінші ақпанда ұшып келіп, екіжақты өңірлік ынтымақтастық мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 1-2 ақпанға жоспарланған Қазақстанға сапары барысында ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ жаһандық күн тәртібін талқылайды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
- Сапар аясында М. Помпеоның ел басшылығымен және ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердимен кездесулері көзделген. Кездесу барысында екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланады, - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұған дейін мемлекеттік департамент Помпео ақпан айының басында Нұр-Сұлтанға Қазақстан басшылығы - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Республиканың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және СІМ басшысы Тілеубердімен келіссөздер жүргізу үшін келетінін хабарлады.
- Минскіге келгеннен кейін мемлекеттік хатшы Нұр-Сұлтанға барады, онда ол Қазақстан Президенті Тоқаевпен, Тұңғыш Президент Назарбаевпен және сыртқы істер министрі Тілеуберді Орталық Азиядағы бейбітшілікке, гүлденуге және қауіпсіздікке ортақ ұстанымымызды растау үшін кездеседі, - делінген мемлекеттік департамент мәлімдемесінде.