Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Ресейдің жаңа премьер-министрі Қазақстанға келеді

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин ЕАЭО-дағы әріптестерімен өзекті мәселелерді талқылайды, сондай-ақ цифрлық болашақ және жаңа технологиялар форумына қатысады

Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин 31 қаңтарда Алматыда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады.

- Кездесудің күн тәртібіне Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) жұмыс істеуі, оның нормативтік-құқықтық базасын одан әрі жетілдірудің өзекті мәселелері кіреді, - делінген Ресей үкіметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ресей Федерациясы министрлер кабинеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықаралық тәжірибені және көпжақты интеграциялық бірлестіктердің тәжірибесін ескере отырып, ЕАЭО-да ұлттық валюталарды қолдануды кеңейту және қорғау шараларын жетілдіру бойынша бірқатар бастаманы талқылау жоспарланған.

- ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді жоюға, ұлттық ақпараттық жүйелерді біріктіруге, кедендік реттеу саласында өзара әрекеттесуге және жалпы одақтық нарықты қалыптастыруға басымдық беріледі, - делінген хабарламада.

Михаил Мишустин сонымен қатар "Ғаламдық экономиканың цифрлық болашағы" форумына қатысады.

Айта кетейік, Михаил Мишустин таяуда Дмитрий Медведевтің орнына Ресей Федерациясының премьер-министрі болып тағайындалды.



Следующая →