Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президентімен телефонмен сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға Қазақстан Тәуелсіздігінің 28 жылдығымен құттықтағаны үшін ризашылығын білдірді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері барлық сала бойынша екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы екі елдің халықаралық аренада сындарлы ықпалдастық орнатқанын айтты.
Мемлекеттер басшылары өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылай отырып, 2020 жылы Қазақстан астанасында кездесуге уағдаласты.
Тақырыптар:
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев Двухстороннее сотрудничество Президент Таджикистана Эмомали Рахмон