Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдердің елшілерін тағайындады
ҚР Президенті Эстонияның, Жаңа Зеландияның, Камбоджа мен Лаостың елшілерін тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
Атап айтқанда, Нұрлан Сейтімов Эстониядағы елші болып тағайындалды, ол бұған дейін Қазақстан СІМ-нің Жауапты хатшысы қызметін атқарды. Оны жауапты хатшы қызметінен президент өз өкімімен босатты.
Сингапурдағы Елші Әркен Арыстанов Жаңа Зеландиядағы елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ал Қазақстанның Вьетнамдағы елшісі Ерлан Байжанов Камбоджа мен Лаос елдерінде қызметін қоса атқаратын болады.
Бұған дейін Тоқаев Роман Василенконы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатып, оны Словакиядағы елшісі етіп тағайындады.