Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда студенттер шәкіртақысы өседі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2020 жылдан бастап студенттердің шәкіртақысы ұлғаяды

Президент стипендия 2016 жылдан бері көтерілмегенін айтты. Ол білім сапасы мен қолжетімділігін арттыру маңызды міндеттердің бірі екеніне тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тоқаев студенттердің шәкіртақысын көтеру назардан тыс қалғанын атап өтті. Айтуынша, стипендия 2016 жылдан бері көтерілмеген.

- Бірақ оның объективті себептері бар еді. Сондықтан студенттерді қолдау үшін мен шешім қабылдадым. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақысы 25 процентке көбейеді. Бұл шара 130 мың адамды қамтиды, - деді президент жастармен кездесуінде.
Осыған ұқсас қолдау колледж студенттеріне де көрсетіледі. Нәтижесінде 100 мыңдай адамның шәкіртақысы артады.

- Менің тапсырмам бойынша, үкімет 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы орта білім алатын колледж студенттерінің стипендиясы 25 процентке өседі, - деді мемлекет басшысы.

Следующая →