Тәжин елші ретінде Чехияға жіберілді

Бұрынғы мемлекеттік хатшы Марат Тәжин Қазақстанның Чехиядағы елшісі болып тағайындалды деп хабарлады Ақорда сайты
26 қараша 2019 года, 16:48 453 Айдана Меирбаева
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Марат Тажин стал послом в Чехии
Ақпарат көзі: © Интерфакс Фото: © kapital.kz

Ол бұған дейін президент көмекшісі, кеңесші, екі рет мемлекеттік хатшы, сыртқы істер министрі, президент әкімшілігінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Бұл - Тәжиннің елшілік қызметке де екінші рет тағайындалуы. Бұрын ол Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметін де атқарып келген.

Ал Қазақстанның Чехиядағы елшісі қызыметін 2019 жылдың қыркүйек айына дейін Сержан Әбдікәрімов атқарған. Екі ай бұрын ол Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі болып тағайындалды.

59 жастағы Марат Тәжин 2019 жылы наурыз айында екінші мәрте мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалып, қыркүйек айында "басқа қызметке ауысуына" байланысты бұл қызметінен босатылған. Сонда оның орнына мемлекеттік хатшы болып Қырымбек Көшербаев тағайындалған.



Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз