6-7 қараша күндері Омбыда Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының форумы өтеді
Омбы екі күн бойы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының XVI аймақаралық форумына келушілерді қарсы алатын болады, деп мәлімдеді Омбы облысының үкіметі
Басқосу іскерлік қарым-қатынастардың көкжиегін кеңейту жолдары талқыланатын мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастық өкілдері үшін тиімді алаң болмақ. Шаһар үлкен құрылыс алаңына айналды. Форумға дайындық аясында 13 қоғамдық орында жұмыс қызу жүріп жатыр. Басты мақсат – қаланың тарихи келбетін сақтап қалу. Қоғамдық көліктер кезең-кезеңмен жаңартылып, жылы аялдамалар да орнатылуда.
Нәтижесінде 2017 жылы өткен ресейлік форуммен салыстырғанда Челябинсктегі панельдік сессия саны екі есеге артпақ. Сонымен қатар, бағдарламаға бөлек шара ретінде Ресей мен Қазақстанның жастар көшбасшыларының форумы да қосылған.
- Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының XVI аймақаралық форумы ең алғаш рет осы Омбыда 2003 жылы өткен болатын. Ол кезде екі ел президенттері Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев шекаралық қызмет мәселелерін талқылаған, - деп жазылған баспасөз мәлімдемесінде.
Форумға мемлекет басшылары, министрліктер мен жетекші мекеме басшылары, РФ мен ҚР аудандарының бірқатар субъектілерінің басшылары, екі елдіңғ бизнес өкілдері қатысады.