Қазақстанда Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды
Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеуге қатысу үшін онлайн режимінде өтініш беру керек.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты. Өтінімдерді қабылдау үшін интуитивті интерфейсі бар арнайы автоматтандырылған онлайн-платформа - PKRezerv.kz сайты іске қосылды.
Мұнда кандидат резервке іріктеудің егжей-тегжейлерімен, оның ішінде қалай және кім өтініш бере алатындығымен, іріктеу мерзімі мен кезеңдерімен таныса алады.
Өтінімді тіркеу үшін сіз өзіңіздің атыңызды, ЖСН, қалаған тіліңізді, электрондық поштаңыз бен телефоныңызды көрсетуіңіз керек. Сонымен қатар, кандидат деректерді сақтау мен өңдеуге келіседі және пайдаланушы келісіміне қол қояды. Бұл іріктеуге қатысу үшін міндетті талаптар.
ҚР МҚІЖА төрайымы Анар Жайылғанованың айтуынша, іріктеу процесі барлық кезеңдерде ашық болады.
Следующая →