Қазақстан астана процесінің келесі кезеңіне дайындалуда
ҚР СІМ Астана процесінің барлық қатысушылары 1-2 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Астана келіссөздеріне қатысатындығын растады
Қазақстан астанасында Сирия бойынша келіссөздердің барлық қатысушылары 1-2 тамыз күндері келесі турға қатысатындықтарын растады, деп хабарлады ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.
ҚР СІМ хабарлауынша, Ресей делегациясын Ресей президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев басқарады. Түркия атынан ТР Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал қатысады. Иран делегациясын сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі аға көмекшісі Али Асгар Хаджи басқарады.
- Алдағы кездесудің жаңалығы - Ирак пен Ливан делегацияларының бақылаушы ретінде қатысуы, келіссөздер процесіне қосылу туралы шешім Астана форматындағы алдыңғы кездесудің негізінде қабылданды, - деп атап өтті ҚР СІМ.
Сонымен қатар, Халықаралық Қызыл Крест Комитеті мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарының Кеңесінің өкілдері Сирияаралық келіссөздердің шегінде Нұр-Сұлтанда ұсталғандарды босату жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысына келеді.