Тоқаев пен Нетаньяху маңызды сұрақтарды талқылады
Тоқаев пен Нетаньяху телефон байланысы арқылы Қазақстан мен Израильдің қарым-қатынасы, қорғаныс технологиялары саласындағы серіктестік жайын талқылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі
Әңгімелесу барысында Биньямин Нетаньяху Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті қызметіне кірісуімен құттықтап, ел игілігі жолында табыс тіледі.
Екі елдің басшылары екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, қорғаныс технологиясы саласындағы ынтымақтастық үшін жақсы мүмкіндіктердің бар екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль премьер-министрінің 2016 жылғы Қазақстанға жасаған сапарының табысты болғанына тоқталып, жоғары деңгейдегі байланыстарды жалғастырудың маңыздылығын айтты.