Қазақстан Президенттігіне барлық кандидаттар ОСК-ға тіркеуден өтті
Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс сайлауға қатысатын президенттікке 7 кандидатты тіркеді
Қазақстан Президенттігіне соңғы кандидат бүгін ОСК-ға тіркеуден өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.
Президенттікке үміткер куәлігін алды:
-
Қасым-Жомарт Тоқаев - Nur Otan партиясы атынан;
-
Сәдібек Түгел - "Ұлы дала қырандары" (Орлы великой степи) қоғамдық бірлестігі атынан;
-
Амангелді Таспихов - Кәсіподақтар федерациясының кандидаты;
-
Дания Еспаева - "Ақ жол" ("Светлый путь") партиясынан үміткер;
-
Төлеутай Рахымбеков - "Ауыл" ("Село") партиясы ұсынған;
-
Жамбыл Ахметбеков - ҚКХП атынан (Қазақстан Коммунистік Халық партиясы);
-
Әміржан Қосанов - "Ұлт тағдыры" (Судьба нации) қозғалысынан.
Осы үміткерлердің әрқайсысы қазақ тілін білу тестінен өтіп, өз кандидатурасын қолдау үшін қажетті қолдарсанын жинады. Ол үшін сайлаушылардың кемінде 118 140 сенімді қолтаңбасын жинау қажет болды.
Сайлауға үміткер ретінде барлығы 9 адам өтініш білдірді, біреуі Данияның Еспаеваның пайдасына бас тартты, екіншісі мемлекеттік тілді білу емтиханынан өтпеді.
11 мамыр күні сағат 18:00-де кандидаттардың үгіт науқаны басталады.