Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +1°
  • Орал
    -7°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -11°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    +1°
$
519.61
-2.77
610.13
-2.47
¥
73.73
-0.32
6.54
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан Президенті армияның жауынгерлік дайындығын жоғары бағалады

Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Айбалта-2019" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына барды

Мемлекет басшысына "Айбалта-2019" командалық-штабтық оқу-жаттығуының негізгі кезеңдері мен міндеттері туралы баяндалды. Оқу-жаттығу барысында шартты қарсыласты жою кезіндегі Қарулы күштердің мүмкіндіктері көрсетілді.

Қазақстан Президенті командалық пунктке барып, әскери техникалар мен қару-жарақ үлгілерін, инфрақұрылымдық нысандарды, соның ішінде модульді жылжымалы госпитальді, механикаландырылған нан зауытын, азық-түлік қоймасын, пилотсыз ұшатын аппараттарды басқару пунктін аралап көрді.

Жоғарғы бас қолбасшы әскерилерді оқу-жаттығуды табысты аяқтауымен, сондай-ақ, алдағы Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні мерекелерімен құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі.

- Қарулы Күштердің басты міндеті - Тәуелсіздік пен ел аумағының тұтастығын қорғау. Мемлекеттің сенімді қалқаны әрі тірегі саналатын Қазақстан армиясы - күшті әрі мобильді. Бүгін сіздер тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштерінің қуатын көрсеттіңіздер. Әскери бөлімшелер кәсіби дағдылары мен жауынгерлік рухын іс жүзінде дәлелдеді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы далаға тігілген әскери лагерьге барып, "солдат ботқасынан" дәм татты, қатардағы сарбаздармен әңгімелесті.

Следующая →