Назарбаев Қытайдың астанасына барды
ҚР Тұңғыш Президенті "Бір белдеу, бір жол" екінші экономикалық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Қытай астанасы Бейжіңге келді
Жоғары дәрежелі саммитке 160 мемлекеттің ресми делегациясы қатысуда. Оның ішінде, 40 шақты елдің президенті мен үкімет басшылары да бар, деп мәлімдеді 24.kz.
Қазақстандық делегацияны еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастап барды. Шараның ашылу салтанатында Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай Халық Республикасының Төрағасы және Ресей Федерациясының Президентімен қатар сөз берілді. Ауқымды жиын алаңында ой өрбітіп, пікір айтты.