Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан мен Оңтүстік Корея президенттері кездесті

Келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Кореяның сенімді әрі стратегиялық әріптес екенін атап өтті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

 – Екі халықтың мәдени және сауда байланыстары Ұлы Жібек жолы заманында өркендеп, ғасырлар бойы жалғасып келеді. Қазақ және корей тілдерінің Орал-алтай тобында болуы халықтарымыздың тарихының да жақындығын көрсетеді, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Оңтүстік Корея қарым-қатынастарының қалыптасып, нығаюына зор үлес қосқанын ерекше атап өтті.

Екіжақты серіктестіктің бастауында Елбасы тұрады. Ол елдеріміз бен халықтарымыздың арасындағы достық пен ынтымақтастықтың берік іргетасын қалады, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында екі елдің қарым-қатынастары іс жүзінде барлық бағыт бойынша ықпалдастықтың сапалы әрі жаңа деңгейіне көтерілгенін айтты. Сондай-ақ, Үкіметаралық комиссия мен Қазақстан - Оңтүстік Корея іскерлік кеңесінің жұмысын жоғары бағалады.

Следующая →