Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан Президенті Денсаулық сақтау министрін қабылдады

Мемлекет басшысына азаматтардың денсаулығын нығайтуға, Қазақстандағы медициналық көмектің сапасын арттыруға және оның қол жетімділігіне қатысты қабылданған шаралар жөнінде есеп берілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтиау министрі Елжан Біртановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Сондай-ақ, Президент еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне жеткілікті қаражат бөлінетінін атап өтті. Бұл қаржыны оның тиімділігін арттыруға, ішкі ресурстарды жұмылдыруға және медицина қызметкерлерінің еңбекақысын өсіруге жұмсау қажеттігін айтты.

Елбасы мен Қазақстан Президентінің тапсырмалары бойынша 2019 жылғы 1 маусымнан бастап жалақысы төмен медицина қызметкерлерінің еңбекақысы 30 пайызға артады.

Елжан Біртанов Мемлекет басшысына алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем сапасын арттыруға, дәрігерлердің жұмыс жүктемесін азайтуға, тұрғындардың скринингпен қамтылуын кеңейтуге, медициналық қызмет көрсету ісін цифрландыруға және Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құру туралы жобаны жүзеге асыруға қатысты жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндады.

Соңында Қазақстан Президенті халықаралық озық тәжірибені пайдалана отырып, отандық денсаулық сақтау саласын дамыту үшін алдағы уақытта тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Следующая →