Помпео: Құрама Штаттар әрқашан Қазақстанның шекараларының егемендігін, тәуелсіздігін және тұтастығын қолдайды
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президентінің лауазымына тағайындалғанымен құттықтады
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Помпео өзқұттықтауында Қазақстан тарихи кезеңде конституциялық даму қағидаттарына деген өзектілігін тағы бір рет көрсеткенін атап өтті.
- Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен әріптестікті нығайту ұстанымын қолдайды және әрқашан егемендікті, тәуелсіздікті және шекаралардың тұтастығын қолдайтын болады. Біз сіздермен Қазақстанның қауіпсіздігі мен гүлденуі үшін белсенді жұмыс істеуін асыға күтеміз, - делінген жеделхатта.