АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі қызметін бастады
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамотасын тапсырды
Мозердің сөзіне қарағанда, ол осыдан жиырма жыл бұрын бір рет Қазақстанға келіп жұмыс істеген, қазір де қайта оралғанына қуанышты.
- Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамотасын табыстау мен үшін зор ғанибет. Бұл менің елшілік қызметімнің басталғанын білдіреді, - дейді У.Мозер.
Мозер 1984 жылдан бері дипломатиялық қызметте жүр. Ол Украина, Қазақстан, Мысыр, Суринам, Молдова және Мали сынды елдерде АҚШ елшісі болған. Мозер орыс, неміс және француз тілдерінде еркін сөйлейді. Отбасын құрған, үш баласы бар.