Тоқаев конституция түзетулеріне қол қойды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан астанасын Нұр-Сұлтан қаласына қайта атау туралы Заңға қол қойды
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарланады Ақорданың ресми сайтында.
Онда Қазақстан астанасының атын өзгерту туралы ақпарат орналастырылды:
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес, қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы Қазақстан
Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы болып қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.