Путин Қазақстандағы саяси сабақтастыққа үміт білдірді
Ресей президенті Владимир Путин РФ авторы Назарбаев болып табылатын еуразиялық интеграцияны қолдау үшін бәрін жасайды деп сендірді
Ресей Қазақстан басшылығы ауысқанда билік сабақтастығы қамтамасыз етіледі деп есептейді, деп мәлімдеді РФ президенті Владимир Путин.
- Көршілерімізде, біздің ең жақын одақтасымызда қандай саяси оқиғалар орын алып жатқандығын білесіздер. Олар саяси басшылықтың ауысуымен байланысты. Біз сабақтастық қамтамасыз етілетініне үміттенеміз, - деді Путин Үкімет мүшелерімен кездесуде.
Ол Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Қазақстан арасындағы ілгерілемелі интеграцияның бастамашысы, сондай-ақ ЕурАзЭҚ жобасының авторы болып табылатындығын, сондай-ақ оның осы жұмысқа қатысуы және тікелей қолдауының арқасында өте табысты дамып келе жатқанын атап өтті.
- Біздің тарапымыздан осы үдерістерді қолдау үшін бәрін жасайтын боламыз, - деді РФ Президенті.