Алматыда жемқорлыққа қарсы жастар форумы өтті
Жастар жылы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университетінде "Адал бол - адам бол!" студенттік форумы өтті
Форумға Алматының 38 ЖОО-сының студенттері мен жастары қатысты, деп хабарлайды "Қазақпарат"ХАА сайты.
Форум ҚазҰУ-дың АДГСПК департаментінің, сондай-ақ "Саналы ұрпақ" және "Адалдық алаңы" жобалау кеңселерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Форумның негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет идеяларымен, жобаларымен және тәжірибесімен алмасу. Атап айтқанда, ҚазҰУ-да "Сыбайлас жемқорлықтан тыс Университет" жобасының жүзеге асырылуы туралы айтылды.
- Университетте оқытушылар мен қызметкерлердің корпоративтік мәдениет кодексі, жоғары этикалық талаптар мен мінез-құлық стандарттары бар Студенттердің ар-намыс кодексі жүзеге асырылады. Әлеуметтік серіктестік негізінде студенттер академиялық адалдық қағидаттарының сақталуын қоғамдық бақылауға тартылған. Білімді тәуелсіз бағалау, жатақханалардағы орындарды әділ бөлу және т.б. сандық технологиялар және "Универ"ашық корпоративтік электронды жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. ҚазҰУ жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып "адалдық дүкенін" ашты. Студенттер "Керемет" қызмет көрсету орталығында "бір терезе" қағидаты бойынша 500-ден астам қызмет алады, - деп атап өтті форумда.
Атап өтілгендей, әділ парасатты қоғам құру жастарға байланысты.