Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Солтүстік Қазақстан жастар жылына дайындалуда

Солтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасы аймақтағы жастар үшін қандай іс-шаралар өткізуді жоспарлады

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жаздың соңында Солтүстік Қазақстан облысында "Жастар саябағы" ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИАА сайтында.

- Біз Мемлекет Басшысының "Жасыл қала - жасыл ауыл" жобасын қолдаймыз және биылғы жылы біз әрбір ауданда және Петропавл қаласында жастар саябақтарын ашуды жоспарлап отырмыз. Әскери-патриоттық бағыттағы жастарды әскери қызмет етуге тарту үшін "Әскерде бір күн" жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз,- мәлімдеді басқармада.

Сондай-ақ, Іс-шаралардың арасында Петропавлда "Ivent" республикалық инновациялық жобасы, киберспорт аймақтық турнирі, мамандықтар бойынша жарыстар өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, "Жастар Керуені" шалғай ауылдарында жас мамандар үшін лагер ұйымдастырылады.

- Екі бөлімнен және 9 бағыттан тұратын«Жүз нақты қадам жастарға» жол картасы әзірленді, - деді басқарма.

Следующая →