Жастардың жұмысқа орналасуына көмектесетін сайт ашылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елде "Еңбекке жол" сайтының құрылғаны туралы хабарлайды
Жаңа ресурс елдегі өмір сапасын жақсарту мақсатында жастардың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға бағытталған. Бұл туралы Қазақпарат сайты хабарлайды.
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-мен бірлесе отырып, 2017-2021 жылдарға арналған Ннәтижелі жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын жеткізетін сайт құрылды. Мақсат - 2019 жылдың 25 мамырына дейін жұмыссыз жастардың 3%-ын жұмыспен қамту, - деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
"Еңбекке жол" жобасы техникалық және кәсіби білім беру және қысқа мерзімді оқуды өткендер үшін және жұмыспен қамту мен ұтқырлықты арттыру арқылы жаппай кәсіпкерлікті дамыту мен еңбек нарығын дамытуға бағытталған.
Жоба 9-11-ші сынып оқушыларына, кәсіби білімі жоқ адамдарға, оқу орындарына қабылданбаған, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, жұмыс іздеушілерге немесе жұмыссыздарға арналған.