Өскемен
Бұлтты
-15°
  • Өскемен
    -15°
  • Семей
    -13°
  • Алматы
    -15°
  • Риддер
    -17°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
  • Ақтау
    -3°
  • Атырау
    -3°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    -10°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    -10°
  • Түркістан
    -4°
  • Орал
    -6°
  • Шымкент
    -11°
$
489.39
-2.20
567.99
-4.17
¥
71.28
-0.24
6.19
-0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Нұрсұлтан Назарбаев мереке қарсаңында елордадағы шіркеуге барды

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы қасиетті Успен кафедралдық соборына барды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты

Мемлекет басшысы барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.

- Бүгін бүкіл Қазақстан, барлық конфессиялар мен этностардың өкілдері осы мейрамды атап өтіп жатыр. Бұл мереке мейірімділік пен бақ-берекенің символы саналады. Осы күні ескі өкпе-реніштер ұмытылып, мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп, дұға оқылады, - деді Қазақстан Республикасының Президенті.

Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап мемлекетіміздің этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі жұмыстарды жүргізіп жатқанына тоқталды.

- Біз бірлігіміздің арқасында экономикада және халқымыздың әл-ауқатын арттыру ісінде зор жетістікке жеттік. Мен егемендік жылдар ішінде православ христиандарының қолдауын сезіндім, сол үшін сіздерге ризашылық білдіремін, - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің жер бетіндегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға бағытталған жаһандық дінаралық диалогты дамыту ісіндегі рөлін атап өтті.

Следующая →