Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Астананың құрметіне Иордания астанасында көше берілді

Иорданияның астанасы Амманның басты көшелерінің бірі Қазақстан астанасының атын алды

- Астана мен Амман экономикалық және мәдени ынтымақтастықты нығайтуда. Бүгін Иордания астанасының орталық көшелерінің біріне Қазақстанның астанасының аты берілді, - деп хабарлады елорда әкімдігінде.

Салтанатты рәсімге Қазақстан астанасының әкімі Бақыт Сұлтанов пен Иордания астанасының мэрі Юсуф әл-Шауариб қатысты.

2010 жылы Иордания астанасының орталық көшелерінің біріне Қазақстан Президентінің аты берілген болатын.

- Қазір ғана біз мырза Шауарибпен бірге Нұрсұлтан Назарбаев көшесіне барып, оның дамуымен таныстық. Енді міне, Қазақстан астанасының құрметіне аталған көшені ашамыз. Бұл жас Астананың 20 жылдығына орайластырылған мерекенің символы. Бұл біздің қалаларымыз бен елдеріміздің тұрғындарына одан әрі жақындастыру үшін жаңа серпін береді деп сенемін, - деді Бақыт Сұлтанов.

Өз кезегінде Амманның мэрі Юсуф әл-Шауариб екі ел астаналарының ынтымақтастығын арықарай да жалғастырамыз деп сенім білдірді.

- Біздің халықтарымыздың, біздің елдеріміздің, көшбасшылары арасында үлгілі қарым-қатынас бар және саяси достық бар. Астана - бұл қазіргі заман қаласы және оның үлгісі. Сондықтан, біз үшін Астана қаласының көшесі Иордания астанасында ашылуы, достық пен ынтымақтастықты бейнелейтін мәртебе, - деді Юсуф әл-Шауариб.

Астана қаласының әкімдігі мен Амман қаласының муниципалды органы арасындағы бауырлас қалалық қатынастарды орнату туралы келісімге 2005 жылы 8 қарашада қол қойылды.

2012 жылдың қаңтарында Астанада Иорданияның соңғы королі Хусейн бен Талалды еске алу рәсімі өтті.

Следующая →