Назарбаев қазақстандықтарды патриот болуға шақырды
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз отандастарын барлық ұлт пен ұлыстың тілі мен мәдениетіне құрмет танытып, өз елінің патриоты болуға шақырды
Астанада Елбасының "Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы" республикалық қоғамдық бірлестігінің тәрбиеленушілерімен кездесуі өтті.
- Егер сені басқа біреудің түсінгенін қаласаңыз, өзгені де түсінуді үйреніңіз. Адамды ұлтқа бөлмей, адам ретінде құрмет таныту – Қазақстанды біріктіреді, мықты, сыйлы мемлекет ете түседі. Сондықтан Отанның патриоты болу – барлығының міндеті, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.