Сирия бойынша келіссөздердің барлық қатысушылары Астанаға келді
Бүгін Астанада басталатын Сирия мәселесі бойынша келіссөздердің барлық қатысушылары Қазақстанның астанасына келді
Сирия бойынша өтетін 11-ші халықаралық кездесуге кепілдік беруші ретінде Ресей, Түркия және Иран, Сирия билігі және Сирия оппозициясы, сондай-ақ БҰҰ мен Иордания өкілдері бақылаушылар ретінде қатысады.
Ресей делегациясын Ресей Федерациясы Президентінің Сириядағы арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркияның өкілдігін сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал, Иран делегациясын Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрінің аға көмекшісі Хусейн Джабери Ансари, БҰҰ-ның делегациясын БҰҰ-ның Сириядағы Бас хатшысының арнайы өкілі Стефан де Мистура басқарады.