ҚР СІМ Сирия бойынша кезекті келіссөздер туралы мәлімдеді
Астана үрдісі аясындағы келіссөздер осымен халықаралық деңгейдегі он бірінші кездесу болмақ
СІМ Қайрат Абдрахманов Сириядағы қақтығысты реттеу бойынша астаналық келіссөздердің кезекті раунды жайлы хабарлады. Ол 28-29 қараша күндері өтуі керек, деп хабарлады Zakon.kz сайты.
- Астана прецесінің алпауыт мемлекеттері – РФ, Түркия мен Иран кезекті 11-ші кездесуді өткізу туралы келісті, - деді Абдрахманов.