Қазақстанда ішкі бизнесті жүргізуді жоспарлап отыр
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев "Атамекеннің" әкімдер рейтингісін жүргізу идеясын қолдады
Бастаманы ҚР Премьер-Министрінің Алматы облысы бизнес-қоғамдастығымен Президенттің Жолдауын орындау мәселелері бойынша кездесуі барысында ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев айтты.
"Атамекен" Басқарма Төрағасы орынбасарының пікірінше, кәсіпкерлердің аудандық деңгейде "осал тұстарын" анықтауға бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингі көмектеседі.
Мәселен, Ақтөбе облысында жүргізілген скрининг мұнда жер учаскілердің қолжетімсіздігі өткір мәселе екенін көрсетті. Бұл мәселе, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдар әрекетіне де байланысты.
- "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Doing Business" рейтингін жетілдіріп, оны қолдануды икемдеуге күш салар еді. Аудан әкімдерінің жұмысын өлшейтін жаңа критерийлерді енгізу керек деп санаймыз. Осылайша жергілікті атқарушы орган рейтингін кәсіпкерлердің өздері анықтай алады, - деді Эльдар Жұмағазиев.