Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары кездесті
Қазақстанның астанасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алтыншы мерейтойлық съезі өз жұмысын бастады
Съезд әлемнің 46 елінен келген 82-ден астам делегацияны жинады, деп хабарлайды Қазақпарат сайты.
Биыл халықаралық шара өзінің 15 жылдығын атап өтеді. Съезд алғаш рет 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде ұйымдастырылды және осы жылдар аралығында дінаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелері бойынша беделді алаңға айналды.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу бүкіл әлемдік қоғамдастыққа ұлттық консенсустың үлгісі және қоғамды біріктіру үлгісін көрсетеді. Съезді Қазақстанда өткізу кездейсоқ таңдалған жоқ. Өйткені этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау бойынша елдің тәжірибесі мол және осы алада кең әрі тиімді ынтымақтастыққа дайын.