Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Назарбаев: Астанада құрылыс салу үшін кешенді жоспар керек

Қазақстан Президенті Астана қаласын одан әрі дамытудың жоспарымен, құрылысымен танысты

Мемлекет басшысы елорда тұрғындарының тұрмысы үшін қолайлы жағдай жасаудың әлеуметтік маңызы жоғары екеніне тоқталып, қала құрылысында кешенді әдіс қолданудың қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев қала халқын қолжетімді әлеуметтік нысандармен, соның ішінде білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен қамтамасыз етудің маңыздылығын айтты.

Сонымен қатар, Елбасы шаһарды көгалдандыру, қалада көлік қатынасын оңтайландыруға мүмкіндік беретін автотұрақтар мен жолайрықтар салу мәселелеріне назар аударды.

Астана әкімі Б.Сұлтанов Мемлекет басшысына елордада әлеуметтік, коммерциялық, әкімшілік және тұрғын үй нысандарын салудың жоспарлары туралы мәлімдеп, қала инфрақұрылымын дамытудың перспективалары жөнінде баяндады. Қала басшылығының ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері елордада 1,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген және жыл соңына дейін тағы да 2,3 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.


Следующая →