Рим Папасы Астанаға жеке сапармен келуден бас тартты
Аса құрметті қонақ 10-11 қазанда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VI съезіне келмейді
Бұл туралы Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев мәлім етті.
- Жоқ, ол қатыспайды. Рим папасының орнына өкілі болады, - деп Қалетаев алдағы съезде Рим Папасы қатысуы туралы сұраққа жауап берді.
Министр шараның қатысушылары қатарында шақырылып отырған елдердің шенеуніктері де күтілуде екенін атап өтті.
- Делегаттар арасында Сербия Президенті, Индонезияның вице-президенті және діни көшбасшылар шараға қатысады деп күтілуде,- деп атап өтті министр.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуға Рим Папасы Францискке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруын табыс етті деген болатын.