Қазақстанда республиканың киберқауіпсіздігі жобасы жүзеге аспақ
Астана қаласында 2020 жылға дейінгі "Қазақстанның киберқалқаны" киберқауіпсіздік концепциясының алғашқы жылына қорытынды жасау үшін кеңейтілген отырыс өтті
Кеңеске ҚР бірнеше министрлігінің өкілдері, ҰҚК, Ұлттық банк, ҚР жетекші университеттерінің өкілдері, республикалық байланыс операторлары мен кибершабуылдарды тергеу және талдау бойынша мамандар қатысты.
Алғашқы жылы сәйкес заңнама, соның ішінде қажетті стандарттар қабылданып, халықтың ақпараттық сауаттылығын арттыру бойынша қажетті шаралар атқарылды.
Кеңес барысында бағдарламаны ары қарай дамыту бойынша ұсыныстар қабылданды.