ҚР Бас прокуратурасы электронды сауда-саттықты тексерді
Бірыңғай электрондық сауда алаңы операторының қызметін тексеруде көптеген заңбұзушылықтар анықталды
Тұтқындалған мүлікті сату саласында бірыңғай электрондық сауда алаңы операторының қызметі тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оператор басқарылатын жүйенің ашықтығын және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды елемейтіндігі анықталды. Белгілі болғандай, оператор 2016 жылы электронды сауда кезінде трафикті есепке алу және бақылау функциясын ажыратып, жүйеде орындалған әрекеттерді, соның ішінде үшінші тараптың кедергілерін қадағалау мүмкіндігін жоғалтқан. Осы функциялардың ажыратылуына байланысты, электрондық сауда саласында теріс пайдалану шарттары, оның ішінде аукционмен мүлікті сату кезінде заңсыз әрекеттер жасалды.
Тексеру барысында, сауда-саттықтың 92%-ы бағаны төмендету әдісімен жүргізілсе де, мүлік жарты бағасына сатылған. Сондай-ақ, салықтан жалтару фактілері де анықталды.