Жаңа қорғаныс министрі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды
Мемлекет басшысы геосаяси ахуалдың өзгеруі және жаңа сын-қатерлердің пайда болуы жағдайында Қорғаныс министрлігінің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі қару-жарақтарды технологиялық тұрғыдан жетілдіру және жаңғырту болып саналатынын айтты, деп хабарлайды Ақорда.
– Сондықтан Қорғаныс министрі лауазымына азаматтық тұлғаны, яғни, қауіпсіздік жөніндегі көмекшім – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлын тағайындауға шешім қабылдадым. Сонымен бірге, Н.Ермекбаев кадрлық офицер, әскери қызметте тәжірибесі бар, соның ішінде шиеленіс аймақтарында болған. Ол халықаралық мәселелер жөніндегі көмекші, Қытайда және Оңтүстік Шығыс Азияның бірқатар елінде елші, министр және екі рет Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.