Қазақстанның оңтүстігінде жаңа басшылар тағайындалды
Шымкент қаласы мен Түркістан облысының ТЖД басшылары тағайындалды
Шымкент қаласының және Түркістан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің басшылары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласының және Түркістан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің жаңа басшыларын жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов таныстырды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы лауазымына азаматтық қорғаныс полковнигі Нұрболат Дербісов тағайындалды.
Дербісов ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған. Бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.