Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Президентін "Достық" орденімен марапаттады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті

Ақорда ресми сайты хабарлағандай, келіссөздер барысында тараптар екі жақты қатынастардың қазіргі мәселелері және өзара ынтымақтастықты дамытудың алдағы жоспарлары жөнінде әңгімелесті.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы байланыстарды нығайтудың перспективті бағыттарына тоқталып, Татарстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қарқыны жоғары екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Татарстан арасында бауырластық әрі сенімді қарым-қатынас орнағанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Р.Миннихановтың елдеріміз арасындағы достық қатынастарды, өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, Татарстан Республикасының Президентін бірінші дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Рустам Минниханов экономиканың түрлі секторларындағы тиімді екі жақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

- Бүгінде Қазақстан - біздің басты серіктесіміз. Табысты бірлескен жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі маңызды болып саналады, - деді Татарстан Республикасының Президенті.


Следующая →