Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан Республикасының Президенті мұсылмандарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ораза айт мерекесімен құттықтады

Құрметті отандастар!

Баршаңызды күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша қастерлі мейрам – Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қасиетті Рамазан айы – рухани жаңарудың символы. Бұл кезде адамдар мейірімділік, ізгілік, татулық пен келісім сияқты бірегей құндылықтарға бет бұрып, әркім өзінің әрекеті мен өзгелерге қарым-қатынасын қайта бір саралайды.
Рухани жаңарып, жаңғыруға талпыну бәріміз үшін маңызды және ол қазіргі қазақстандық қоғам алдындағы міндеттерге неғұрлым сай келеді. Біз ерте заманнан озық ғылым мен білімді дамытуға жол ашып, адамдарды өздерін жетілдіруге және үндестікте өмір сүруге бастап келе жатқан қасиетті исламның жасампаз рөлін кәдеге жарата білуіміз керек.
Осы мереке күндері әрбір мұсылман жақсы істер жасауға, жақындарына қуаныш сыйлап, мұқтаж жандарға көмектесуге тырысады.
Осындай ізгі ниеттер мен игілікті істер еліміздің бірлігі мен тұтастығын сақтауға зор септігін тигізетін біздің ұлттық бірегейлігімізге негіз болуда.
Шуақты Ораза айт мерекесінде баршаңызға зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін!


Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты.
Следующая →